USD
USD
USD

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Астана қалалық прокуратурасының хабарлауынша, апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге 2023-2025 жылдар аралығында тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған.

Күдіктінің үйін тінту сәті
Фото: Видеодан кадр/Астана прокуратурасы

Астана, NEGE. Тергеу дерегі бойынша, қылмыстық топ мүшелері заңсыз әрекетке кәмелетке толмаған қыздарды тартқан.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген. Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген», – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, бұдан бөлек, қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш көрсетіп, ақшасын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған.

«Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды», – деп хабарлады прокурорлар.

Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады. Айыпталушылардың әрекетіне түпкілікті құқықтық баға сотта берілмек.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен