USD
USD
USD

Астанада Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті

Астана орталық мешітінде қазақтың көрнекті қайраткері, жазушы Әкім Таразимен қоштасу рәсімі өтті. Онда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айту хатын оқып берді.

Әкім Таразимен қоштасу
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Аса көрнекті жазушы, драматург, Еңбек Ері Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген Президенттің көңіл айтуында.

Ерлан Қошанов Әкім Таразидың артында қалған мол мұрасы ұрпақтан ұрпаққа рухани азық боларын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек