Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада адам ұрлаған топтың қылмысы әшкереленді

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратура тергеуді анықтағаннан кейін А.Е. Әшімов, А.В. Алексеев, Н.Н. Шаймарданов және А.Н. Бапановты әшкереледі.

Антикор іздеу салады
Фото: Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Антикордың хабарлауынша, олар алдын ала сөз байласып, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Азаматты ұрлаумен қатар, есірткі заттарын сақтап және қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп бопсалаған. Сондай-ақ 1,4 млн теңгеден астам сома мүлкін иемденген.

Топтың барлық қатысушысы соттың санкциясымен қамалды. Қазіргі уақытта олардың ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

"Осы адамдардың құқыққа қайшы қызметі туралы ақпаратыңыз болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарлауды сұраймыз", - делінген Антикор таратқан хабарламада. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Алматы полициясы Канье Уэсттің концертіне билетке қатысты маңызды ескерту жасады

концерт

Қазақстанда смартфон сату ережелері өзгерді: тұтынушы нені білуі керек?

верификация

FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерін 15 қыркүйекке дейін тоқтатты

әуе рейсі

Қазақстандағы құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты

Құрылыс