USD
USD
USD

Астанада 9 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Астанада жалпы ауданы 8,9377 гектар болатын, бұрын сауда орталығын салуға берілген, бірақ игерілмей қалған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. 

жер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті (ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшесі) жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде, жер телімі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны анықталды.

АШМ мәліметіне жүгінсек, тексеру қорытындысы бойынша жер пайдаланушыға жер заңнамасын бұзушылықтарды бір жыл ішінде жою туралы нұсқама берілді. Алайда, белгіленген мерзімде нұсқама талаптары орындалмаған.

«Департамент Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сот шешімімен талап қанағаттандырылып, учаскені мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім заңды күшіне енді. Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан