USD
USD
USD

Астанада 3 млн теңгенің алтын бұйымын ұрлаған ломбард қызметкері ұсталды

Астанада 3 млн теңгенің алтын бұйымын ұрлаған ломбард қызметкері құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Сарыарқа ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында әйелдің қаланың оң жақ жағалауында орналасқан ломбардтардың бірінде зергерлік бұйымдарды бағалаушы болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Бір ай көлемінде жұмыс істеген қаскүнем әртүрлі алтын бұйымдарды алып шығып, көрші ломбардтарға өткізген. Түскен ақшаны өз керегіне жаратқан. Келтірілген материалдық шығын – 3 миллион теңге.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты