USD
USD
USD

Астанада 2600-ден астам қызметкер қар тазалауға шықты

Коммуналдық қызметтер ауа райының қолайсыздығына қарамастан тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

қар
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 20-ынан 21 желтоқсанға қараған түнде коммуналдық қызметтер Астанадан 2357 жүк көлігі немесе 30 мың текше метр қар шығарды.

21 желтоқсан күні таңертең қар тазалау жұмыстарына 2600-ден астам жол жұмысшысы мен 1500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға қаладан 99 829 рейспен 1,2 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.

Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы