USD
USD
USD

Астанада 2,3 мыңнан астам адам қар тазалады

Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы көшелердің қарын тазалауға шықты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала
Фото: Астана әкімдігі

Алматы NEGE. Қыс басталғалы полигондарға 5,6 млн текше метрден астам қар шығарылған.

"2 наурыз күні таңертең Астанада қар тазалауға 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

1 наурыздан 2-сіне қараған түні қаладан 25 мың текше метр қар немесе 1,9 мың ауыр жүк рейсі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 414 мың жүк көлігі арқылы 5,6 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон