Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада 21 жастағы бойжеткен туыстарының үйіндегі сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен

Астанада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтын бұйымдар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады.

Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып кеикен. Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық