USD
USD
USD

Астанада 18 жастағы жүргізуші көкөніс дүңгіршегіне соғылып, оқушы қыз зардап шекті

Астанада Hyundai Accent көлігі көкөніс сататын дүңгіршекке соғылды. Апат салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жастағы қыз зардап шекті.

.
Фото: Threads/alt_ks__

Астана, NEGE. Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, көлікті 18 жастағы жүргізуші басқарған. Ол Бөлекпаев көшесімен келе жатып, көлікті басқара алмай, дүңгіршекке соғылған.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оның анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатқанын хабарлады.

Қыздың жағдайы тұрақты. Қазір оны бейінді бөлімге ауыстыруға дайындап жатыр.

Полиция жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram