USD
USD
USD

Астанада 100-ден астам адамды алдап, автокредит алдырған топ мүшелері сотталды

Астана қаласында қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасады деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты.

алаяқтық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық топ құрамында оннан астам адам болып, олардың әрқайсысына өзара нақты міндеттер бөлінген.

Топ мүшелері жүзден астам адамды 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген. Бұған қоса, несиені өздері өтеп беретінін айтып, уәде еткен. Кредитке алынған автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығарылған.

«Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, барлығы 165 автокөлік рәсімделген», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ пен қаржы пирамидасын құру, оған басшылық ету, сондай-ақ алаяқтық жасау баптары бойынша айыпталғандар кінәлі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу