USD
USD
USD

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Астанада 27 мамыр күні қала бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды.

Мектеп
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, құжаттар офлайн және онлайн форматтарда қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.

Құжаттар 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында қабылданады.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
  • №065/у нысанындағы медициналық анықтама;
  • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

Оқу-ағарту министрлігі жариялаған мәлімет бойынша өңірлердегі 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімдері:

  • 27 мамыр – 31 тамыз:
    Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары.
  • 10 маусым – 31 тамыз:
    Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
  • 18 маусым – 31 тамыз:
    Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары.
  • 29 маусым – 31 тамыз:
    Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.

Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады. 

Қазір оқып жатыр

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз