USD
USD
USD

«Астана» университетіне 200 АЕК айыппұл салынды

«Астана» университетіне 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бұл – шамамен жарты миллион теңгеден астам қаржы.

«Астана» университетіне 200 АЕК айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сорақысы сол, осы жағдай биыл екінші мәрте қайталанып отыр. Себеп те бұрынғы: профильдік ведомство тарапынан жасалған тексерулерге кедергі келтірген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Саладағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, осы жылы көктемде жоспарлы тексеру кезінде жоғары оқу орны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті құжаттарды ұсына алмағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеген. Кейін студенттердің шағымынан соң жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілді. Алайда бұл жолы университеттегілер комиссия өкілдерін ғимаратқа кіргізбей қойған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы