USD
USD
USD

Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған (видео)

Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауда орталығының өкілі полицияға түскі уақытта супермаркеттен қымбат алкогольдік сусынның ұрланғаны туралы хабарлап, арыз түсірген. Мән-жайды анықтауға жұмылған Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы қала тұрғынын аталған ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтаған.

Белгілі болғандай, супермаркетке кірген ер адам өзін ешкімнің бақылап тұрмағанын пайдаланып, қолындағы пиджактың ішіне бір бөтелке алкогольді орап алған. Оның сауда алаңын аралап жүріп, осыған ұқсас жолмен үш бөтелке алкогольді ұрлап, 40 мың теңгеден астам материалдық шығын келтіргені белгілі болған. Қаскүнемнің әккі әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалғанын анықтаған тәртіп сақшылары оның ізіне түсті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар