USD
USD
USD

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады.  Тергеу барысында жас қыздың әлеуметтік желі арқылы елордалық жоғарғы оқу орнының студенті – Корей Республикасының азаматымен танысқаны белігілі болды.

Бірнеше күн бірге уақыт өткізген екеуі, таныстықтарын жалғастыру үшін сол  жағалаудағы қонақ үйге барған. Жас жігіттің сеніміне кірген қаскүнем телефонының қуаты таусылғанын сылтауратып, одан интернет желісін пайдалану үшін телефонын беруін өтінген.

Осылайша жігіттің байқамай тұрғанын пайдаланып, банктің қосымшасы арқылы өзінің шотына ақша аударған. Келесі күні қыз кетіп қалғаннан кейін ақшасының жоғалғанын байқаған жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, жас қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар