USD
USD
USD

Астана тұрғыны әйелін лифтіде соққыға жыққан

Астана тұрғыны лифтіде жұбайын соққыға жыққан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана тұрғыны әйелін лифтіде соққыға жыққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “102” арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, балағат сөздер айтып, әйелін қорқытып, ұрғаны анықталды. Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізеді

. – Сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, дереу “102” арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің сенім телефонына 8-(7172)-71-60-63  хабарласыңыз. Полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді, – дейді Астана қаласының полиция департаменті.
 

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым