USD
USD
USD

Астана тұрғындары интернет арқылы тауар аламын деп алданып қалды

Елорда тұрғындары интернет арқылы тауар аламын деп алданып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана тұрғындары интернет арқылы тауар аламын деп алданып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға интернет арқылы алаяқ сатушының қармағына түсіп қалған елорда тұрғыны арызбен жүгінді. Instagram әлеуметтік желісінде ол төсек-орын жабдықтарын сату туралы хабарландыруды көрген. Бағасы сатып алушы үшін өте қолайлы болғандықтан ол бірден 93 мың теңгеден астам ақшаны аударып жіберген. Алайда уәде етілген күндерден кейін төсек-орын келмеген, ал сатушы байланысқа шықпаған.

Әйел жалған хабарландыруға алданып қалғанын түсініп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Нұра ауданының криминалдық полиция қызметкерлері Алматы облысының 40 жастағы тұрғынын анықтады.

Полицейлер аталған алаяқтың қармағына елорданың үш тұрғыны түсіп қалғанын анықтады.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әйелдің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар