USD
USD
USD

Астана су қоймасын тазарту кемінде 10 жылға созылуы мүмкін

Осы жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Президенттің тапсырмасы бойынша, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасын тазарту жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Астана су қоймасын тазарту кемінде 10 жылға созылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген. Ол елордамызды ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Қойманың жалпы көлемі 410,9 млн текше метр. Қазіргі көлемі 312,36 млн текше метр.

Осыдан екі жыл бұрын, Қазгидромет мекемесі батиметрикалық түсірілім жасап, қойманың 46,7 млн текше метрі тұнба екенін анықтады. Бұл – су қоймасының 30%-і. 2023 жылы суға деген сұраныс – 97 млн текше метр. Оның 46 млн текше метрі қолданылды, жылдың соңына дейін қосымша 51 млн текше метрге сұраныс бар.

Астана халқының саны жылдан жылға өсіп, тұтыну көрсеткіші ұлғайғанын ескере отырып, қойманы тереңдету, тазалау бойынша қос жобаны қолға алмақ. Себебі, 2030 жылы Астана халқы 2 млн-ға жеткен жағдайда, 150 млн текше метр су қажет болады.

Тазалау жұмысын бастамас бұрын, алдымен, арнайы сүңгуірлер су түбінде нақты не жиналғанын анықтаулары тиіс, яғни, жұмыс барысы кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Мамандардың айтуы бойынша, климаттық жағдайға байланысты, балықтың уылдырық шашу кезеңін ескере отырып, тазарту процесі кемінде 10 жылға созылуы мүмкін деп болжайды. Себебі, 1 жылда 5 айдай ғана жұмыс істеуге мүмкіндік болады.

Қазір оқып жатыр

G7 елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға қолдауды арттыруға келісті

Украина, Ресей

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана