USD
USD
USD

«Астана Опера» сахнасында жас әртістер өнер көрсетеді

Дарынды жас әртістер «Астана Операның» камералық залы сахнасында өнер көрсетеді. 29 ақпан күні тыңдарман назарына «Елордадағы музыкалық кездесулер» концерті ұсынылмақ.

«Астана Опера» сахнасында жас әртістер өнер көрсетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кеште әлемдегі ең танымал шығармашылық оқу орындарының бірі – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің бітіруші сынып оқушылары көрермен қауымға өздерінің орындаушылық шеберліктерін паш етпек. Олардың барлығы – беделді халықаралық байқаулардың лауреаттары, көптеген елдерде жеке концерттерімен жиі өнер көрсетіп жүр. Екі бөлімнен концерт бағдарламасын Әлия Асанова, Беата Прохорова, Софья Меньшикова (фортепиано), Абылай Нұрлыбек, Далила Азимова (скрипкалар), Рута Вайткуте (флейта), Федор Вишневский (кларнет) ұсынады. Жоба жетекшісі – Astana Piano Passion V халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауының лауреаты Әлия Асанова.

Қазір оқып жатыр

Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты

.

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries