USD
USD
USD

Astana Open ATP 250 турниріне кімдер қатысады?

19-26 қыркүйек аралығында елордада өтетін Astana Open ATP 250 турниріне қатысушылардың алдын ала тізімі жария етілді.

Astana Open ATP 250 турниріне кімдер қатысады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста рейтингілері жоғары, белгілі ойыншылар бақ сынамақшы.

Атап айтқанда, әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гарин, рейтингте 24-сатыдағы ресейлік Аслан Карацев, сондай-ақ сербиялықтар Филипп Крайнович пен Душан Лайович, өткен жылғы Astana Open чемпионы, аустралиялық Джон Мильман, франциялық Бенуа Пер, италиялық Лоренцо Музетти, америкалық Маккензи Макдональд және басқалар елордаға келмекші.

Қазақстаннан әлемнің 37-ракеткасы Александр Бубликтен басқа Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесовтерге қоса жас теннисшілер өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский