USD
USD
USD

Астана мен Ташкент арасында жаңа әуе рейсі қатынайды

Қазақстандық FlyArystan лоукостері шілде айынан бастап Астанадан Ташкентке тікелей рейсті іске қосады.

Астана мен Ташкент арасында жаңа әуе рейсі қатынайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "3 шілдеден бастап біз Астана мен Ташкент арасындағы тікелей рейстерді жүзеге асырамыз. Рейстер Airbus A320 бортында дүйсенбі және сәрсенбі күндері ұшады", - деп хабарлады әуе компаниясы.

Билет құны 21 800 теңгеден басталады, деп нақтылады тасымалдаушы.

Бұған дейін Алматы - Ашхабад, Астана мен Бішкек және Алматыдан Қытайдың Чэнду қаласына тікелей әуе рейстері ашылатынын хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе