USD
USD
USD

Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.

Астана мен Анкараның арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде 5 желтоқсанда Қазақстан мен Түркия астаналары арасындағы тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шара Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экичи, «AnadoluJet» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзинның қатысуымен өтті.

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рейс жиілігімен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде жүзеге асырылатын болады. Тасымалдаушы – «Turkish Airlines» түрік әуе компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet».

Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған. 

Қазір оқып жатыр

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Шымкентте бір үйдің екі баласы көз жұмды: полиция өлімнің алдын ала себебін айтты

Полиция көлігі