USD
USD
USD

Астана мен Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды

Қазгидромет мәліметінше, 25 маусымда Астана мен Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Астана мен Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғарылайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз ауа райында мына сақтық шаралары ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе тасжолдар немесе басқа ластаушы көздер маңында уақыт өткізуді қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер далада ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар далада
  • жүргенде қажетті дәрі-дәрмектері болуы керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас