USD
USD
USD

Астана LRT құрылысы жалғаса ма?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылысы тоқтап тұрған Астана LRT жобасы алдағы уақытта қайта жандануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана LRT құрылысы жалғаса ма?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Оның айтуынша, барлық астаналықты LRT құрылысы алаңдатып отыр. «Жобаның құрылысы пандемия кезінде тоқтап қалған еді. Себебі, Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерден ғана емес, халықаралық банктерден де займ тарту керек», - деді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде. Елорда әкімі Астана LRT құрылысын салу үшін қаражат табу керегін атап өтті. «Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс жанданды. Банктерден қаржыны алып, жұмысты жалғастыру керек. Салынған құрылыс нысандары қаланың көркін ашып тұрған жоқ. Құрылысқа қомақты қаржы бөлінді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз», - деп түйіндеді сөзін ол.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті