«Астана» командасының бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді
Бас бапкер Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді.
Алматы, NEGE. «Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов екі жылға футболдан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz. Тәртіптік-бақылау комитетінің отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы чемпионатының XXV туры
Қайрат – Астана Көрермендерге қарсы дөрекі мінез-құлық көрсеткені үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының ойыншысы Барсегян Т. ҚФФ және ҚКФЛ аясында бір айға барлық жарысқа қатысу құқығынан айырылады. Дисквалификация мерзімі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі. Команданың тәртіпсіз мінез-құлқы үшін, «Fair Play» қағидаттарын бұзғаны үшін, ойыншылар матчтың ресми өкілінің рұқсатынсыз футбол алаңынан шығып кеткені, қарсыласқа, матчты ұйымдастырушыға, матчтың ресми тұлғаларына, көрермендерге құрметсіздік танытқаны үшін Тәртіптік регламенттің 53-бабына сәйкес «Астана» командасының бас бапкері Тихонов А. ҚФФ және ҚКФЛ жетекшілігімен өтетін барлық жарыстан жиырма төрт айға шеттетілсін. Шектеу кезеңі 2021 жылдың 25 қазанынан бастап есептеледі..
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды