USD
USD
USD

«Астана» клубын чехиялық маман баптайды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек «Астана» клубын басқаратын болды.

«Астана» клубын чехиялық маман баптайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Таяу күндері чехиялық маманды ресми түрде команданың бапкері ретінде таныстырады. Онымен бірге, кандидаттар қатарында румыниялық Дан Петреску, украиналық Мирон Маркевич, ресейлік Рашид Рахимов және словакиялық Владимир Вайсс болған. 

«Астана» бас бапкері ретінде Билек Роман Григорчукты алмастырады. Осыған дейін украиналық маман клубтан кететіні айтылды, ол 2018 жылы маусым-тамыз аралығында және 2019 жылы толық маусымды атқарып шықты.  54 жастағы Билектің басшылығымен Қазақстан құрамасы он ұпай алып, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде соңғы орындардың бірін алды.  Қазақстанға келгенге дейін, Билек бірнеше клубтарда істеген, Чехия құрамасын және грузиялық «Динамо» клубын басқарған.

Сондай-ақ, оның басшылығымен прагалық «Спарта» 2007 жылы алтын дубль жасады, ал 2003 жылы Чехия жасөспірімдер құрамасы (19 жасқа дейін) Еурода үшінші орын алды.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.