USD
USD
USD

Астана қаласы Полиция департаментінің рота командирі сотқа пара бермек болған

Астана қаласы Полиция департаментінің ЖПҚ ротасының командирі пара беруге қастандық жасауға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Астана қаласы Полиция департаментінің рота командирі сотқа пара бермек болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері «Ж» азаматы арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге қастандық жасауға жәрдемдеседі деп күдіктенеді.

«Ж» азаматы прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған.

2023 жылдың 8 маусымында тергеу сотының санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік