USD
USD
USD

«Астана» футбол клубы биылғы ел чемпионы атанды

Елордалық «Астана» 2022 жылғы футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» футбол клубы биылғы ел чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 26-турындағы бес ойынның нәтижесі анықталды.

Биылғы бәсеке тартысты өтті. Ел чемпионы соңғы турда белгілі болды. Бұл атақтан «Астана» мен «Ақтөбе» командалары үміткер еді.

Аталған турда «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесті. Ойын барысында елордалық клубтан Педро Эуженио 26, Марин Томасов 38-минуттарда гол соқса, оған 44-минутта Темур Чогадзе бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде Марин Томасов 62-минутта басымдықты арттырса, Евгений Кобзарь 82-минутта мергендік танытты. Нәтижесінде «Астана» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, биылғы ел чемпионы атағына ие болды.

Ал, «Ақтөбе» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады. Кездесуде алматылық Жоао Паоло 33-минутта есеп ашты. Одан кейін алаң иелерінен Әлібек Қасым 38-минутта пенальтиден мүлт кетпесе, Рожерио дус Сантус Алвес 49, 51-минутта қос голдың авторы атанды. Екінші кезеңде ақтөбелік командадан Арман Кеңесов 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесуде «Ақтөбе» қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Аталған турдағы қалған үш ойынның нәтижесі төмендегіше:

«Ақжайық» (Орал) - «Тобыл» (Қостанай) 1:3

«Тараз» - «Тұран» (Түркістан) 2:3

«Қызылжар» (Петропавл) - «Каспий» (Ақтау) 4:1

Дәл қазір «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова