USD
USD
USD

Астана емханаларына 50 жаңа автокөлік берілді

Елорда емханалары жаңа автокөліктерге ие болды. Автопарк шұғыл жетудің төртінші санатына, үйге, мобильді бригадаларды тасымалдауға және тағы да басқа шақыруларды орындау үшін тағы 50 автокөлікпен толықтырылды.

Астана емханаларына 50 жаңа автокөлік берілді
Фото: NEGE.kz

Осы жылдың қыркүйек айының басында жедел медициналық жәрдем станциясына 55 арнайы машина берілген болатын. Жалпы алғанда, қаланың медициналық мекемелері мен жедел медициналық жәрдем станцияларының автопаркі соңғы жылдары 200-ден астам автокөлікпен толықтырылған.

Соңғы үш жылда медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықтармен жарақтандырылды. Қырыққа тарта «Үй жанындағы дәрігер» нысаны ашылды. Ал оның жетеуі тұрғын үй алаптарында орналасқан. Жыл соңына дейін тағы 10 «Үй жанындағы дәрігер» нысанын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бірқатар медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал төрт медициналық мекеме құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.

Сонымен қатар «Жағалау-3» тұрғын үй кешені мен «Нұрлы жол» вокзалы жақта амбулаториялық-емханасын, Көктал-1, Тельман, Пригородный тұрғын үй кешендерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтарын салу жоспарланған. Одан бөлек жаңа перзенхана құрылыстары да басталып жатыр. Басты мақсат – медициналық көмектің тиесілі және дәл уақытта көрсетілуіне жағдай жасау.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева