USD
USD
USD

Астана әуежайында жолаушылар жаңа әдіс бойынша тіркеледі

Астана әуежайында жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру бойынша тіркеу енгізіледі, деп хабарлады ҚР Көлік министрлігі.

Астана әуежайында жолаушылар жаңа әдіс бойынша тіркеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астана халықаралық әуежайына барып, ондағы қауіпсіздік жүйелері, пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету және әуежайдың жұмысымен танысты. Сондай-ақ әуежайда цифрландыру деңгейін арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Онда әуежайды одан әрі дамыту перспективаларына қатысты мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, биометриялық сәйкестендіру мүмкіндігін енгізу. Нәтижесінде жолаушылар рейске тіркелу кезінде барлық қажетті операцияны жасай алады, құжаттарды өз бетінше толтырады және басып шығара алады. Сонымен бірге паспорттың электрондық нұсқасын толық пайдаланады, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұған қоса, арнайы құрылған фокус-топ биометриялық сәйкестендіру бойынша жолаушыларды тіркеу бағдарламасын тест режимінде іске қосатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар