USD
USD
USD

«Астана» алда келеді

«Астана» командасының даниялық велошабандозы Джейкоб Фульсанг Испаниядағы «Вуэльта Андалусия» көпкүндігінің бірінші кезеңінің жеңімпазы атанды», – деп хабарлайды команданың ресми сайты.

«Астана» алда келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 173,8 шақырымдық кезеңнің финалында испаниялық Bahrain-McLaren командасының веложүйрігі Микель Ландуды басып озды. Жеңіспен бірге Дейн жалпы көшбасшының сары футболкасын алды және жоғары ұпай мен тау классификациясына ие болды.

«Астананың» тағы бір шабандозы Йон Исагирре алдыңғы топпен бірге жетіп, алтыншы орынды иемденді. Алпыс алтыншы мәрте өткізіліп отырған «Вуэльта Андалусия» көпкүндігінің екінші кезеңі Севильядан Иснахарға дейінгі 198,1 км қашықтық аралығын басып өту жарысы бүгін, яғни, 20 ақпанда басталады.

Қазір оқып жатыр

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД