USD
USD
USD

Астана әкімі үлескерлермен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескерлерімен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімі үлескерлермен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте әкімдерге халықпен бірге тығыз жұмыс істеп, елдімекендерді аралап, мән-жайды өз көзімен көру керектігін айтқан боолатын. 

«Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар.  Кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып барады, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз.

Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар», – дейді елорда әкімі.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды

Қазақстанда электр энергиясы тарифтері тағы өзгеруі мүмкін

Электр энергиясы

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мұхтар Тілеуберді