USD
USD
USD

Астана әкімі «Көктал 2» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында «Көктал 2» елді мекенінің тұрғындарымен кездесуде көтерілген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімі «Көктал 2» елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Көктал 2» елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Қала тұрғындары инженерлік желілер, газдандыру, камералар, бағдаршамдар орнату, маршруттарды іске қосу, тұрғын үй кешендерін, әлеуметтік нысандарды жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Кейбір мәселелерге қысқаша тоқталып өтейін. Мәселен оқушы орындарының санын арттыру үшін «Көктал 2» елді мекенінде 2 мың орынға арналған жайлы мектептің (Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы) құрылысы басталды. Оны келесі жылы тапсыруды жоспарлап отырмыз.

Сарыарқа ауданы да елді мекен сияқты газдандырылған. Бірақ жекелеген тұстары да жоқ емес. Олар бойынша жауапты басқарма тиісті мерзімдерін белгілейді. Сондай-ақ кейбір инженерлік инфрақұрылым желілерін коммуналдық қызметтердің балансына беру ісінде проблемалар бар.

Бейнебақылау камералары бойынша да мәселелер көтеріледі. Биыл қалада мыңға жуық камера орнатуды жоспарлап отырмыз, оның 300-ін Сарыарқа ауданына, 100-ін «Көктал-1» және «Көктал-2» елді мекеніндеріне орнатамыз.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) желісі бойынша салынған тұрғын үй кешендері жөнінде бірнеше сұрақ қойды. Кемшіліктерді бірге жоямыз.

Кездесуде көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қазір оқып жатыр

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica