USD
USD
USD

Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай байқау жариялады

Қазақстанда 4 маусымда еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мереке құрметіне елордада «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» онлайн-байқауы өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі Мемлекеттік рәміздер күніне орай байқау жариялады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күніне орай елорда әкімдігі «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» байқауын бастады. Қатысушылар 29 мамырдан 1 маусымға дейін Instagram-да Тудың, Елтаңбаның шығармашылық фотосуретін немесе Әнұранның орындалуы туралы видео жариялауы керек. Парақша ашық болуы керек, ал постқа #МемлекеттікРәміздерҰлтМақтанышы хештегі қойылуы тиіс. Сондай-ақ @akimat__astana аккаунтына жазылып, оны жарияланымда белгілеу қажет. Байқауға елорда тұрғындары 12 жастан бастап қатыса алады.

Жарияланымдарды қабылдау 1 маусым күні сағат 23:59-да аяқталады. Жеңімпаздарды үш номинация бойынша конкурстық комиссияның шешімімен анықтайды: «ҚР Туы бар үздік фото», «ҚР Елтаңбасы бар үздік фото», «ҚР Әнұранын үздік орындау».

Үздіктер 4 маусым күні Астана қаласы әкімдігінің YouTube арнасында көрсетілетін «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» онлайн-бейнемарафонында жарияланады.

1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстанда ту, елтаңба және гимн – мемлекеттік рәміздер болып саналады.

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері заңмен қорғалған, сондықтан оны ешкімнің қорлауына жол берлмейді. Заңға сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлағандар – 1 мың АЕК-тен 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент