USD
USD
USD

Астана жаңажылдық безендіруге 700 млн теңгеге жуық қаржы жұмсамақ

 Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 млн теңге бөледі.

Жаңа жыл
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қыс мезгілінде Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап көптеген ойын-сауық орындары әзірленеді. Атап айтқанда, мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар және тағы басқа қаланың алты ауданында осындай 60-қа жуық орын ашылып, қыс мезгілінде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Аудандық әкімдіктер қысқы безендіру жұмыстарына шамамен 696,7 млн теңге бөледі, оның ішінде:

  • Нұра ауданы – 79 млн теңге;
  • Сарыарқа ауданы – 110 млн теңге;
  • Алматы және Сарайшық ауданы – 165 млн теңге;
  • Байқоңыр ауданы – 158,8 млн теңге;
  • Есіл ауданы – 183,9 млн теңге.

Мұз айдындарын, слайдтарды, шағын архитектуралық мүсіншелерді, фотоаймақтарды және басқа элементтерді орнату бойынша монтаждау жұмыстары қараша айының ортасынан басталды. Бұл жұмыстар желтоқсанның екінші онкүндігінде кезең-кезеңімен аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон