USD
USD
USD

Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер саны артады

Халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Рейс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 30 мамырдан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана – Үрімші бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 (сыйымдылығы 128-ден 178 орынға дейін) ұшақтарында орындалады. 

Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы қазандағы Қытайға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 27-ден 43-ке дейін ұлғаяды. Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалы нарығындағы бәсекелестіктің артуына және әуе билеттері бағасының төмендеуіне ықпал етеді.

Қазір оқып жатыр

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік