USD
USD
USD

Астана тұрғынынан 2,6 келі есірткі тәркіленді

Елорда полициясы қала аумағына есірткі заттарын жеткізіп, сататын тұрақты арнаны жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады. Оның көлігін тінту кезінде белгілі иісі бар зат салынған полиэтилен пакетін тауып, тәркіленді.

Тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақшыл түсті зат және электронды таразы бар 76 полиэтилен пакеті табылды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, елорда тұрғынынан тәркіленген заттар мефедрон, каннабис шайыры, марихуана есірткі заттары екені расталды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2,6 келіні құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті