USD
USD
USD

Астана тұрғыны жалған құжат жасап, колонияға кірмек болды

Астана қалалық ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің қызметкерлері сотталғанға ұзақ мерзімді кездесуге келген әйелдің неке қию туралы куәлігі жалған екенін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

куәлік
Фото: zakon.kz

Алматы, NEGE. Кездесуге келген әйелдің құжаты мекеме қызметкерлерінің күмәнін тудырды. Ақмола облысы Аршалы кентінің АХАТ қызметкерлері бұл күмәнді растады. Яғни тіркеу журналында неке қию туралы куәлік болмады.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы ПД Аршалы аудандық полициясы ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Әйелге 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

 ​– Қаж қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ұзақ кездесулерге сотталғанның жақын туыстарына рұқсат беріледі, онда туыстық байланыстар тиісті құжаттармен расталады, – деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығының орынбасары Ирсали Ахмедов.


Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

жол апаты

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Жалған хабарлама

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

жол апаты

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

қаржы жымқыру