USD
USD
USD

Астана тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған

Астана тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елорда тұрғыны белгісіз адам қолдан жасалған ақшамен телефон сатып алғаны туралы арызданған. Жәбірленуші қосымша арқылы IPhone-13 телефонын 220 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырғаны анықталды.

Түнгі уақытта кездесу туралы келіскен сатушы, жігітке телефонды беріп, төлемді қолма-қол ақшамен алған.

 Үйге келгенде ол ақшаның қолдан жасалғанын байқап, дереу полицияға хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын анықтады.

Телефонды ол ломбардқа тапсырған, заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.