USD
USD
USD

Астана тұрғыны жалға алған затын ломбардқа өткізіп жіберген

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алдау жолымен бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру фактісі бойынша тұрғынға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады egemen.kz.

Астана
Фото: inform.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылдың қазан айында сотталушы С. алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жәбірленуші М-дан Sony PlayStation 5 ойын құрылғысын жалға алып, оның рұқсатынсыз ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсап, құрылғыны қайтарып бермей, жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған.

Өз әрекеттерімен С. жәбірленуші М-ға 300 мың теңге сомасында материалдық залал келтірген.

Әрі қарай ол осыған ұқсас алаяқтық жасап, жәбірленуші К-ны алдап, 360 мың теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Сотталушының кінәсі өзінің мойындау айғақтарымен, жәбірленушілердің айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.

Прокурор 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, залалды өтеп, іс бойынша дәлелдемелерді дауламады.

Жәбірленушілер жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды.

ҚК 190-бабы 3-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде шын жүректен өкінуін таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен С. ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Жұлдыз Сүлейменова

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Медеу

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған

Қылмыстық іс

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

.