USD
USD
USD

Астана тұрғыны өзгенің банк картасымен сауда жасаған

Астана тұрғыны өзгенің банк картасымен сауда жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Банк картасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Елорда тұрғыны полицияға әкесінің банк картасынан ақша аударылғанын хабарлап, арызбен жүгінген. Аталған мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары жүргізіп, нәтижесінде жоғалған банк картасымен түрлі сатып алуларды жасаған 18 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.

60 жастағы ер адамның картасын жоғалтып алғаны, оның телефонында ақшаны есептен шығаруға арналған мобильді қосымшасы болмағаны расталды. Жоғалған ақшаны ол банкке қолма-қол ақша алу үшін барғанда ғана білген. Осы уақытта жас жігіт екі күн бойы картадағы ақшаны пайдаланған.

Ол 157 мың теңгені киім-кешек пен азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсап үлгерген. Бұл факті бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт кінәсін мойындады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі