USD
USD
USD

Астана тұрғыны мас күйінде көлікті ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған

Астана тұрғыны мас күйінде көлікті ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елордада мас күйіндегі азамат көлікті айдап кеткен. Жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарына көлігінің ұрланғаны жөнінде шағымданған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Nexia автокөлігін айдап кеткен 31 жастағы жас жігітті ұстады. Ол іздеуде болған автокөлікті мас күйінде айдап кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат, көршілес көпқабатты үйдің ауласында тұрған артқы есігі құлыпталмаған шетелдік көлікті ұрлап кеткен. Ашық тұрған көлікке мініп, құралдың көмегімен көлікті іске қосып, Қарағанды қаласына қарай жол тартқан.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Осы фактіге қатысы бар адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жедел уәкілдер заттай айғақты тәркілеп, көлікті иесіне қайтарды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank