USD
USD
USD

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Астанада ер адам бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, қорқытқаны үшін жазаға тартылды.

Бөтелке ұстаған ер адам
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Қалалық прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, ол қызғаныштан бұрын бірге тұрған әйелінің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелке алып барып, «өртеп жіберемін» деп қорқытқан. Осылайша ол әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтірмек болған.

Ол тіпті әйелдің үстіне әлгі сұйықтықты құйып, өміріне қауіп төндірген. Оның құқыққа қайшы әрекеті сотта дәлелденді.

Сот үкімімен елорда тұрғынына 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура адамның өміріне, денсаулығына қарсы жасалған кез келген әрекет, оның ішінде қорқыту мен қудалау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт