USD
USD
USD

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алаяқтықпен жымқырған жетеудің ісі сотқа жолданды

Астанада ауқымды алаяқтық жасады деп айыпталған, жеті адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс сотқа жолданды.

Қылмыстық іс
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады. Айыпталушылардың әрекеттері  Қылмыстық кодекстің екі бабы – «Қылмыстық топ жасаған ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық» және «Ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу» бойынша сараланған.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер төрт жыл бойы азаматтарға жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алып беруге және тиімді шартпен несие алуға көмектесеміз деп алдап келген. Қылмыстық әрекетін заңды етіп көрсету үшін олар кеңселерді жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген.

Бұған қоса, сенімге кіру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда ықпалды таныстары бар екенін айтқан.

Олардың қылмыстық әрекеттері салдарынан 51 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық шығын 413 млн теңгеден асқан.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов