USD
USD
USD

Астана соты Нұрсұлтан Назарбаевты бар байлығынан айырудан бас тартты

Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұлов елдің бұрынғы президентін сотқа беріп, оның барлық мүлкі мен активтерін мемлекет пайдасына тәркілеуді талап етті. Nege.Aqsha істің мән-жайын анықтады.

Назарбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Назарбаев президент лауазымын атқара отырып, өзінің әрекеті мен әрекетсіздігі арқылы «барлық адамзатқа өлім қаупін төндірді», сондықтан ол 30 жыл ішінде сатып алған барлық активін қайтаруы керек.

Алайда бірінші және екінші инстанция соттары «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сүйене отырып, оның талабын қанағаттандырудан бас тартты, оған сәйкес Назарбаев тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін. Ол президенттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жазаланбайды.

«Назарбаев Н.Ә. экс-президент ретінде (қол сұғылмайтын) болып қалады және тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, сондықтан сот Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі әрекеттеріне байланысты талап-арызды қабылдаудан бас тартты», - делінген сот хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян