Астана соты LRT компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға қатысты сырттай үкім шығарды
2024 жылы 11 қарашада Астана соты LRT компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға сырттай үкім шығарды.
Алматы, NEGE. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот процесі Арданның қатысуынсыз өтті, өйткені ол халықаралық іздеуде жүр.
Тергеу 2016 жылдың 22 желтоқсанында қажеттілік жоқтығына қарамастан, Талғат Ардан LRT құрылысына Қытай даму банкінен 257,6 миллион доллар сыртқы несиенің бірінші траншын заңсыз сұрағаны анықталды.
Сотта LRT жобасының жұмысы бұзылып, алынған қаражат өз мақсатына сай игерілмей, «City Transportation Systems» ЖШС-не 85 миллиард теңгеден астам шығын келтіргені айтылды. Бұған дейін 2023 жылы Ардан бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 7 жылға сотталған болатын.
Жаңа үкім жазаны 9 жылға дейін ұлғайтты, сонымен қатар ол 85 миллиард теңге шығынды өтеуге міндеттелді.