USD
USD
USD

Астана прокуратурасы тұрғындарға ескерту жасады

Жыл басынан бері вандалдарға 4,6 млн теңге айыппұл салынды

Вандализм
Фото: Астана прокуратурасы

Алматы, NEGE. Астана прокуратурасы қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасауға және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзуға болмайтынын, ол үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылғанын ескертті.

Қала прокуратурасының мәліметінше, елордада жыл басынан бері бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін 80 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Жыл басынан бері бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 80 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 54 адам қамаққа алынды, 26 құқықбұзушыға жалпы сомасы 4,6 млн теңге айыппұл салынды», - деп жазылған хабарламада.

Мысалы, ағымдағы жылдың 10 мамырында сағат 07.00-де «Женева» тұрғын үй кешенінің кіреберістерінің бірінде лифт конструкциясын қасақана зақымдап, аяғымен шыны есікті сындырған астаналық тұрғын 5 тәулікке қамауға алынды. Ол 40 мың теңгеге шығын келтірді.

Сондай-ақ 28 жастағы қала тұрғыны мас күйінде дүкеннің әйнек терезесін кірпішпен сындырған.

Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау және қоғамдық тәртіпті, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылғанын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский