USD
USD
USD

Астана полициясы «боксшы Данияр Елеусінов ұсталды» деген ақпаратқа түсініктеме берді

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астанада екі жол-көлік оқиғасынан кейін ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Қалалық полиция қызметінің өкілдері бірнеше көлік зақымданған екі жол-көлік оқиғасы болғанын растады, алайда ұсталған жүргізушінің аты-жөнін ресми түрде жариялаған жоқ.

Данияр Елеусінов
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Астана, NEGE. Полиция мәліметінше, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бірнеше автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан бой тасалаған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұл көлікті Достық көшесінде анықтап, тоқтатты. Көлік тізгінінде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан ешбір адам зардап шекпегені айтылған.

«"Заң мен тәртіп" қағидаты өзгеріссіз қалады: жауапкершілік адамның танымалдылығына, мамандығына, лауазымына немесе сіңірген еңбегіне байланысты емес. Заңды бұзып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан әрбір адам заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады», – дейді полицейлер.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тексеру  қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Қазір оқып жатыр

«Семей орманындағы» өрттің ашық жануы тоқтатылды

орман өрті

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіқанов