USD
USD
USD

Астана-Петропавл тас жолындағы жол апаты: 95 көлікке зақым келген

«Астана-Щучье» тас жолындағы жаппай көлік апатында 95-ке жуық автокөлікке зақым келді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Тас жол
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. 2025 жылдың 3 қаңтарында сағат 07:20–да республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының учаскесінде (18–232 шақырымдары) ауа райының нашарлауына байланысты барлық автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» арнайы техникасының сүйемелдеуімен Щучинск бағытына қозғалыс ұйымдастырылды. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамауы салдарынан сағат 13:28–де трассаның 153-шақырымында, Жанаталап ауылының маңында шамамен 95 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеуде. Бір жолақ тазартылып, жарамды автокөліктер қозғалысын бастады.

Оқиға орнында 22 көпфункционалды жол машинасы және 2 трактор жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта осы жол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс қайтадан шектелді. 
Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар