USD
USD
USD

Астана оқушылары арасында балалар лагеріне жолдамалар ойнатылады

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен экоакцияларға белсенді қатысып, қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Астана қаласының білім басқармасы оқушылар арасында үздік сурет байқауын бастайды.

Байқаудың тақырыбы – «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Байқау 25 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады. 10 шілдеде байқау қорытындысы шығады. Үш жеңімпазға балалар лагеріне жолдама беріледі.

Байқауға қатысушылар Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылып, Instagram-да суреттер жариялап, оны #тазаАстана, #экоакцияАстана хэштегтерімен белгілеуі қажет (жарияланым болуы керек, stories жарамайды).

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы