USD
USD
USD

Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды

Air Astana Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасындағы тікелей рейстердің қайта жанданғанын мәлімдеді. 

Ұшақ рейс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алғашқы рейс 15 маусым күні сағат 19:55-те Астана халықаралық әуежайынан Инчхон халықаралық әуежайына орындалды.

Бас қалалар арасындағы әуе қатынасы алғаш рет 2015 жылы іске қосылды. Бірақ жаһандық пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Маршруттың қайта жандануы Оңтүстік Корея президентінің осы аптада Қазақстанға ресми сапарымен тұспа-тұс келіп, елдер арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту үшін осы бағыттың нақтылығын көрсетеді, - деп жазды компаниядан.

Астанадан Сеулға рейстер Airbus A321LR ұшағымен сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалады және Алматыдан Сеулге 2003 жылдан бері орындалып келе жатқан күнделікті рейстерді толықтырады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов